Премьер-министр былтырғыдай жем-шөп тапшылығы болмас үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» форвардтық сатып алу аясында шаруашылықтарды жем-шөп дайындауға ынталандыру керек екенін айтты.
Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев елдегі жем-шөп дайындау барысы мен қуаңшылық мәселесі жайында баяндап берді.