Мемлекет басшысы Пәкістан Ислам Республикасының жаңадан сайланған президенті Асиф Али Зардариге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін гуманитарлық көмек көрсетеді.