Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сонымен қатар халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Костенко атындағы шахтадағы трагедияның алдын алған Айбар Қосанов "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды. Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Абай облысы Жарма ауданында қаза болған өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені мен 3 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді.