Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, шығыстанушы ғалым, I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, дипломат Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
Келесі жылы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы. Осыған орай Талдықорғандағы С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кiтапханасында жазушының ұлы Мұрат Әуезовпен кездесу кешi өттi.