Жыл басынан бері 31 есірткі зертханасы жойылды. Оның 17-сі синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған. Есірткі өндірушілерден шамамен 186 кг синтетикалық есірткі және екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді.
Елорданың полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала аумағында есірткі құралдарын жеткізуге және өткізуге қатысы бар екі адамды анықтады.