Алматының Әуезов ауданында 14 мыңға жуық бала тегін шығармашылық және спорттық біліммен қамтылған. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
Алматыдағы Ахмет Жұбанов атындағы көше 1,2 шақырымға ұзартылады. Жұмыс 2024 жылы басталады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев айтты.