Бүгін саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні. Президент «Алжир» мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл қойды. Бұл туралы «Ақорда» хабарлап отыр.
Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жас тарихшылармен кездесті.
Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбілдің айтуынша, 1921-1922 жылдардағы ашаршылыққа Лениннен бастап "Большевик" партиясы, сонымен бірге сол саясаттың жүзеге асуына ықпал еткен жергілікті белсенділер кінәлі.