Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 76 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов айтты.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов адам саудасына қарсы күрес туралы заң жобасын әзірлеу туралы айтты. Онда ықтимал құрбандар мен осал жағдай анықтамалары қамтылады.
Қазақстанда 2021 жылы 100 адам, ал осы жылдың алты айында 52 азамат адам саудасының құрбаны болған. Осы мәселенің алдын алу мақсатында елімізде “Адам құқықтары және заң үстемдігі” жобасы қолға алынды.
Қазақстанда биыл адам саудасына қатысты қылмыстар 2020 жылға қарағанда екі есе көп тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев айтты.