ЖОО-ны бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу. Қандай тиімді бағдарламалар бар?

ЖОО, студент, түлек
ЖОО түлектері. Фото: Аtyrau.gov.kz

Университетті тәмамдағаннан кейін, түлектердің көбі жұмысқа орналасу мәселелеріне тап болады. Жұмыс берушілердің көбі тәжірибесіз мамандарды қабылдамайтыны жасырын емес. Мұндай жағдайда түлектер не істеуі керек?

Мемлекет ЖОО түлектеріне бірнеше тиімді бағдарламалады ұсынады. Олар: «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық қоры»  бағдарламалары.

1. «Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы  

«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы - жас талантты, белсенді қазақстандықтар қатарынан елдің басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеуге бағытталған жоба.  Бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Нұр Отан» ХДП қолдауымен жүзеге асырылады.

Жобаға 2009-2016 жылдар аралығында 14 000 астам жастар өтінім берген, олардың ішінде 420 адам ашық конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқыту модульдерінен, кәсіби құзыретті бағалаудан, әр түрлі ұйымдардан тағылымдамадан өтті. Конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдар, БАҚ жетекші өкілдерімен кездесті.

2. «Жастар кадрлық резерві» бағдарламасына қалай қатысуға болады.

Бағдарламаның іріктеу кезеңі үш кезеңнен тұрады:

1-кезең. Жобаның ресми сайтында анкета толтыру, ресми өлшемдер бойынша анкетаны бағалау (жасы, білімі, жұмыс орны, кәсіби дағдылар, зияткерлік әлеуетті бағалау, эмоционалдық интеллек, эссе және т.б. жазу) жүргізіледі. Бастапқы іріктеу нәтижесінде келесі кезеңге 300 конкурсант жіберілетін болады.

2-кезең. Логиканы тестілеу, мемлекеттік тілді білуі және жобаның қатысушысының псхологиялық суретін анықтау процесі жүреді. Тестілеуді өткізу орны және кестесі іріктеудің 2-кезеңіне өткен 300 конкурсанттың нәтижелерін жариялағаннан кейін анықталатын болады.

3-кезең. Біліктілікті бағалауға сұхбаттасу жобаның 32 үздік қатысушысын анықтайды (әр аймақтан 2 конкурсант бойынша). Сұхбат республика аймақтарында дирекция мүшелерімен, аймақтық үйлестірушілермен, «Болашақ» Қауымдастығынан сарапшылармен және «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен жүргізілетін болады.

3. Байқаудан өткендерге қандай мүмкіндіктер ұсынылады?

Іріктеу кезеңдерінен өткеннен кейін, байқауға қатысушылар жетекші отандық және шетелдік  мамандардың қатысуымен дәрістерді, семинарларды тренингтерді, мастер-класстарды, асессменттерді (кәсіби біліктілікті бағалау), сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарда тағылымдамадан өтуді қамтитын оқыту модульдер өтеді.

Жобаның қорытындылары бойынша жоғары рейтинг жинаған 32 конкурсқа қатысушы сертификат алады және мемлекеттік қызметке, бизнес саласына және қоғамдық қызметке келіп түскенде барынша жоғары лауазыммен айналысу үшін резервте тұрған адамды жылжытуды қарастыруға ұсыну болып табылатын кадрлық резервке тіркеледі.

4. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының қандай артықшылығы бар?

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жастарға оқу бітіргеннен кейін тәжірибе жинауға көмектеседі. Бағдарламаға дипломы бар, 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Ол үшін алдымен өз қаласының яки ауданының әкімдігіндегі жұмыспен қамту орталығына барады. Бұл орталық мамандардың бірыңғай базасын қалыптастырады. Сондай-ақ жұмыс беруші компаниялардың арасындағы диплом бағыты бойынша бағдарламалардың қатысушыларын бөледі.

Егер жұмыс беруші тәжірибе кезінде сізді өз компаниясы үшін лайықты маман деп таныса, ол сізді тұрақты жұмысқа қабылдауға құқылы. Жас маман үшін бұл нұсқа неғұрлым қолданылымды, осыған қарамастан тәжірибеде өзіңді және өзіңнің кәсіби дағдыларыңды көрсету қажет екенін естен шығармаңыз.

Орталық түлектермен алты айға еңбек шартын жасайды. Жұмыс күні ҚР еңбек заңнамасы бойынша еңбек шарттарына сәйкес анықталады. Бағдарламаларға қатысушылардың ай сайынғы төлемі 25 АЕК-ті* (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақылар және банк қызметтерін шегерусіз) құрайды.

*1 АЕК = 2405 теңге

5. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қалай қатысады?

Өз қалаңыздың немесе ауданыңыздың әкімдігі жанындағы Жұмыспен қамту орталығына бару керексіз. Жасыңыз 29-дан артық болмаған жағдайда ғана жұмыссыз ретінде тіркеле аласыз. Одан кейін төмендегі құжаттарды тапсыруыңыз керек:

  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.

6. «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы қандай мүмкіндіктерді ұсынады?

Мемлекет жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады:

  • 70 АЕК (168 350 теңге) мөлшеріндегі көтерілуге көмектің бірыңғай жәрдемақысын төлеу;
  • 1500 АЕК (3 607 500) мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;
  • ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25 % кем емес (қалалық елді мекенде)  арттыру.

7. «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына қалай қатысады?

Бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт, ветеринария мамандықтары бойынша ЖОО-ны аяқтаған түлектер қатыса алады. Олар:

  1. Таңдаған елді мекеннен жұмысты өзі табуы керек (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.);
  2. Жұмысқа қабылдағанда кандидат аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш беруі керек;
  3. Аймақтардағы кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдіктердің басқармаларының сайттарында орналастырылуы қажет.

Жұмысты өзі іздеуіне мүмкіндігі болмаған жағдайда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіне алады.

Айта кетейік, соңғы үш жылда «Дипломмен ауылға» жобасының аясында республиканың ауылдық елді мекендеріне 24 577 маман қатыстырылған.