Медицина сақтандыруы туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Дәрігер, медицина, аурухана
Иллюстрация: Dribbble.com/©Kit8

Міндетті әлеуметтік медицина сақтандыруын төлемеген адам шетелге шыға ала ма? Айыппұл төлей ме? Жұмыссыздар өзін өзі қалай сақтандыра алады? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өзегін жоғалтпаған сұрақтарға жауап берді.

1. Ай сайын БЖТ төлеймін, сонда да "сақтандырылмаған" деген статус беріледі, неге?

Өтініш берген кезде дәл сол ай үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасалмаған немесе алдыңғы 3 ай ішінде олқылық болған. "Міндетті әлеуметтік медицина сақтандыруы туралы" заңға сәйкес, сақтандыру статусын алу үшін БЖТ 3 ай қатарынан түсуі қажет. Егер азамат төртінші айда медицина көмегін алуға ниет білдірсе, онда ол ары қарай да бірыңғай жиынтық төлем жасауға тиіс.

Азаматтар техника себептеріне байланысты жүйеден "шығып қалуы" мүмкін. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуіңіз керек. Мамандар барлық жарнаның бар екеніне көз жеткізсе, проблемаңызды шешеді.

2. Жеке емханаға тіркелуге бола ма?

Иә, әр адамның емхананы еркін таңдауға құқы бар, бұл ереже жеке ұйымдарға да қатысты.

Жалғыз шарт - клиника қордың жеткізушісі болуы және медициналық сақтандыру бойынша қызмет беруі керек.

Емхананы жыл сайынғы тіркеу науқаны аясында, сонымен бірге адам өзінің тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмысын немесе оқуын ауыстырғанда, басқа елдімекенге ауысқан немесе ол емхана қайта ұйымдастырылған жағдайда ауыстыруға болады.

3. МӘМС төлемеген адамға қандай қауіп бар? Айыппұл салына ма? Жұмыссыздарға қалай төлеуге болады?

Қызметкерлері үшін жарна аударып отырған жұмыс берушінің МӘМС бойынша қарызы болса, төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әр күн үшін берешек сомасының 1,25% мөлшерінде өсімпұл көзделген. Егер жұмыс беруші төлем жасамаса немесе оны дер кезінде төлемесе, қызметкер МӘМС пакетінде медициналық көмек ала алмайды, оның мәртебесі "сақтандырылмаған" болып шығады.

МӘМС үшін аударымдар зейнетақы, әлеуметтік аударымдарды төлеу сияқты міндетті. Бірақ қызметкерлерге, өзін өзі жұмыспен қамтығандарға, БЖТ төлеушілерге қандай да бір айыппұл санкциясы жоқ. Төлем тұрақты болмаса, азаматқа "сақтандырылушы" мәртебесі берілмейді.

Жұмыссыздар мемлекет жарна жасайтын жеңілдігі бар азаматтар санатына жатады. Жұмыссыз екенін растау үшін Жұмыспен қамту орталығына хабарласып, есепке тұруы қажет. Егер адам жұмыссыз бола тұра, Жұмыспен қамту орталығына жүгінгісі келмесе, онда дербес төлеуші ретінде ай сайын 2125 теңге мөлшерінде жарна төлеуіне болады.

4. Жүкті әйел басқа жерге көшіп кетсе, бұрынғы емхана қабылдай ма?

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, жүкті әйел емханада есепте нақты тұратын жері бойынша тұруға тиіс. Пациент көшіп кеткені себепті медицина ұйымының қызмет көрсету аумағынан да шығады, сол себепті емхана өкілдері оны қабылдамауға құқылы.

Жүкті әйел өзі тұратын жерге жақын маңдағы емханаға тіркелгені жөн.

5. Егер МӘМС үшін төлем жасамасам, шетелге шыға аламын ба?

Иә. Елден шығу құқығына азамат сот процесіне қатысып жатса немесе қатысатын болса және салық, айыппұл немесе алимент бойынша берешегі бар болған жағдайда ғана тыйым салынады. Көріп отырғанымыздай, бұл тізімде "МӘМС-те сақтандыру мәртебесінің болмауы" жоқ.

6. Еңбек мигрантының отбасы мүшелері жеңілдік санатын ала ала ма?

МӘМС жүйесіне Қазақстан азаматтарымен бірге Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан азаматтары, яғни Еуразия экономика одағына кіретін елдер қатыса алады.

Еңбек мигрантының балалары Қазақстанда тіркелсе, олар ұлттық білім беру деректер базасы жүйесіне енгізілсе, онда олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Жүкті немесе бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартылған жағдайда жеңілдік санатына жатады. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде жоқ болса, ол дербес төлеуші ретінде жарна төлей алады, сонымен бірге МӘМС-тің барлық мүмкін қызметін пайдалана алады.

Егер шетел азаматы Италиядан болса, оған медицина көмек тек ақылы түрде беріледі.

7. Арқам ауырады, физопроцедурадан өтейін деп едім. Мұны тегін жасауға бола ма?

Физиопроцедуралар тек екі жағдайда: егер олар ауруды емдеудің клиникалық хаттамасында көзделген және емдеуші дәрігер тағайындаған немесе оңалту кезіндегі қызметтер кешеніне кірсе, тегін жасалады.

8. Бала 10 жаста, ауруханадан шыққаннан кейін күтім қажет. Ата-ананың біреуіне аурухана парағын ашуға бола ма?

Әрине, ата-ана 14 жасқа толмаған науқас балаға күтім жасау үшін еңбекке жарамсыздық парағын ашуға құқылы. Құжат ол күтімді қажет ететін кезеңге, бірақ 10 күннен аспайтын мерзімге беріледі және ұзартылады.

9. Медицина сақтандыруынсыз еңбекке жарамсыз парағын ашуға бола ма?

Азамат бір жерде жұмыс істесе, жұмыс беруші қызметкері үшін аударым жасайды, онда оның міндетті түрде медицина сақтандыруы болады. Егер ол қандай да бір себеппен МӘМС жүйесінен "шығып қалса", онда тегін медицина көмегі шеңберінде еңбекке жарамсыздық парағын аша алмайды.

10. Жеке кәсіпкермін, жалдамалы қызметкерлерім жоқ, МӘМС үшін қандай сома төлеуім керек?

Жеке кәсіпкерлер үшін ай сайынғы жарна сомасы - 2 975 теңге (ең төмен жалақының 5%-і). МӘМС төлемін өзіңіз үшін екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі, "Қазпошта" АҚ, мобайл қосымшалар арқылы аударуға болады Kaspi.kz, сонымен бірге "Касса 24" және Qiwi әмиян терминалдары арқылы төлеуіңізге болады.