«ҚазАвтоЖол»: Республикалық маңызы бар жолдар қайта ашылды

2025 жылғы 7 қараша сағат 08:00-дегі жағдай бойынша ел аумағындағы барлық бағыттағы автожолдарда көлік қозғалысы қалпына келді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.

Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған келесі жолдар қайта ашылды:

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16–200-шақырымы (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін);

  • «Астана – Ерейментау – Шідерті» автожолының 200–254-шақырымы (Ақмола облысы шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Компания тұрғындарға «112» қызметінен ауа райының нашарлауына қатысты SMS-хабарлама түскен жағдайда, оны ескеріп, ұзақ сапардан бас тартуға кеңес берді. Сонымен қатар 7 қараша күні Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай, Қарағанды және Павлодар облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар күтіледі.

Жүргізушілерге жылдамдықты шектен асырмай, арақашықтықты сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескеру қажет, – делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да