Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448–453 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,7-451,9 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 448-453 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 12 наурыздағы ресми бағамы — 1 долларға 448,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,96 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,85—4,97 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,83—4,98 теңгеден сатылып жатыр.
