Түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік- батыстан жел соғады, солтүстік-шығыста екпіні секндына 15-20 метрді құрайды.
Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің батысында, орталығында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Астанада кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында күші секундына 15-20 метрді құрайды.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік шығысында жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.
Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге артады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, онтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында, батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метр екпінде жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні секундына 23 метр күшеюі ықтимал.
Абай облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында күші секундына 23 метрге артады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні секндына 15-20 метрді құрайды.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды.
