Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қостанай облысындағы өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб отырысын өткізген болатын.
Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Олар қауіпсіз жерге көшірілді. Үкімет менің тапсырмам бойынша тиісті мәселелерді шешумен айналысып жатыр. Бұл көмектің көрсетілетініне күмән болмауы керек! — деді президент.
