Денсаулық сақтау министрлігінің 8 қазандағы мәліметі бойынша, 54 850 адам (47 407 + және 7 443 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 9 469 пациент, амбулаторияда 45 381 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 717 адамның жағдайы ауыр, 207 пациенттің жағдайы өте ауыр. 136 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 896 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
