Мәліметтерге сүйенсек, былтыр қазан айынан биылғы жылдың сәуіріне дейін аудан әкімінің орынбасары болып қызмет еткен айыпталушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес (ірі көлемде пара алу) іс қозғалды.
К. есімді азамат ЖШС-лардың бірінен жолдарды тазалау және күтіп ұстау жұмыстарына, сондай-ақ ауылдағы төтенше жағдайды жоюға аудандық бюджеттен ақша бөлгізіп бергені үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған. Сотталушы қаражатты алып жатқан жерінен ұсталды, − деп хабарлады Глубокое аудандық соты баспасөз қызметі.
Сот үкімімен айыпталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.
