Аудан әкімі және ректор. Жаңадан сайланған сенаторлар кімдер?

Дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланды:

Ақмола облысынан Бекенов Нұрлан Жексембайұлы, 1961 жылы туған, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы;

Ақтөбе облысынан Қаниев Бауыржан Нұралыұлы, 1958 жылы туған, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімі;

Алматы облысынан Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы, 1959 жылы туған, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы;

Атырау облысынан Лұқпанов Сағындық Есенғалиұлы, 1960 жылы туған, Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. ЖШС басқарушы директоры, басқарма мүшесі;

Шығыс Қазақстан облысынан Булавкина Ольга Александровна, 1972 жылы туған, Бородулиха ауданының әкімі;

Жамбыл облысынан Орынбеков Бекболат Серікбекұлы, 1957 жылы туған, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары;

Батыс Қазақстан облысынан Рысбекова Ләззәт Тұяқбайқызы, 1976 жылы туған, «Орал гуманитарлық колледжі» ЖМ қаржы директоры;

Қарағанды облысынан Ершов Сергей Михайлович, 1960 жылы туған, ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

Қостанай облысынан Карплюк Сергей Алексеевич, 1968 жылы туған, Қостанай облысы әкімінің орынбасары;

Қызылорда облысынан Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, 1971 жылы туған, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

Маңғыстау облысынан Алдашев Сүйіндік Тасеменұлы, 1963 жылы туған, «Қаражанбасмұнай» АҚ бірінші вице-президенті;

Павлодар облысынан Нұхұлы Алтынбек, 1962 жылы туған, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры;

Солтүстік Қазақстан облысынан Перепечина Ольга Валентиновна, 1967 жылы туған, ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

Түркістан облысынан Бектаев Әли Әбдікәрімұлы, 1962 жылы туған, Қазақстан ҚР Парламенті Сенатының депутаты;

Нұр-Сұлтаннан Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, 1961 жылы туған, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы;

Алматыдан Мәкежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы, 1961 жылы туған, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі;

Шымкенттен Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы, 1975 жылы туған, ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Сенат депутаттарын сайлаудан қандай өзгеріс күту керек?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да