Елімізде 8 518 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды. Бүгінде пневмониямен ауыратындар саны туралы дерек жоқ. Бірақ  коронавирус пневмониясымен күрес кезінде ауырып қалған медицина қызметкерлеріміз төлем ала алады, біз қолдаймыз. Олардың медициналық құжаттары жергілікті атқарушы органдар деңгейіндегі комиссияға жіберіледі, — деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингінде.

Бұған дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан коронавирус инфекциясы мен пневмония жұқтырған 113 медицина қызметкеріне 2 миллион теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем төленгені хабарланған еді.

Ал 21 шілде күні Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустан 59 медицина қызметкері қайтыс болғанын айтты.