Президент: Пандемия ахуалы туралы ақпаратты қоғам білуге тиіс

Мемлекет басшысының айтуынша, азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр.

Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қатарына тағы 1 707 адам қосылды.

Коронавирус инфекциясы Қазақстанда бүгінге дейін 66 895 адамнан анықталды, жазылып шыққандардың жалпы саны — 40 256қайтыс болғандар375.