Instagram-да танымал болған Almatizmy парақшасынан жергілікті тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі елеусіз де қызық сәттерді, ерекше орындарды, ескі ғимараттарды көруге болады. Бұл жобаның авторлары — Алина Буравцева мен Дмитрий Доценко. Екеуі де — журналист, фотограф. Олар түсірген әр фотосуреттің өз тарихы бар.

589d524c8375e668058641857c0d1426 Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Алина Буравцева мен Дмитрий Доценко. Фото: Гүлім Еркінбек

Алина Алматыға 2016 жылы келген. Оған дейін Нұр-сұлтанда жұмыс істеді. Ast.kz сайтында «Астанизмы» аталатын жобасы болған. Онда тұрғындар өмірінің жарқын сәттері, қаланың ауа райы, ескі құрылыс нысандары туралы жазып, фотоға түсіріп, жариялап отырған.

Жүрген жерімнен ерекше нәрсе іздеп, оны фотоға түсіруді әдетке айналдырдым. Алматыға келгенде де «Мына рельс қашаннан бері бар», «Мына үй қай кезде салынған», «Бұл құбыр әлі істей ме?» деген сияқты сауалдарым бітпейтін. Достарым қарапайым нәрсеге таңданып, қызығып қарайтыныма күлетін. Қала мені бірден өзіне баурап алды. Алматыда қыдырып, серуендеуден жалықпаймын. Маған қаладағы кез келген дүние таңсық болды. Бір-екі жылдың ішінде қаланың табиғаты, ауа райы, тұрғындардың өмір салты, тыныс-тіршілігі ұнап, фотоға түсіре бердім, — дейді Алина.

d75bb997ee2e6ea730d2921409bc6428 Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram-парақшасынан

Алинаның досы әрі әріптесі Дмитрий Алматыда туып-өскен. Ол әуеліде күнде көріп жүрген қарапайым нәрселерге аса назар аудармаған. Кейін Алина екеуі фотоларды жинап, Instagram-ға жүктеген.

Алина маған үнемі өзі түсірген фотоларды жіберетін. Қойған сауалдарына жауап беремін. Алғаш түсірген фотосы — газда қайнап тұрған шәйнек. Нұр-сұлтанда табиғи газ құбыры болмаған соң бұған дейін тек электр шәйнек пайдаланған. Алинаға мұның өзі ерекше көрінді, — дейді Дмитрий.

3de13d58f765c991ccfcc34bde24b9ed Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram-парақшасынан

Бұл аспалы жол Татарка ықшамауданында орналасқан. Алинаның айтуынша, мұндай құрылыс қаланың еш жерінде жоқ. Бәлкім бұл өткен ғасырда салынған аспалы жолдың соңғы нұсқасы да шығар. Ағаштардың арасынан көрінбей қалған көпірдің ұзындығы — 20 метр. Аспалы жолдың қашан, қалай салынғанын ешкім білмейді. Бұл фотоны қала тұрғындары әлеуметтік желіден көріп таңғалған.

93532b29a059a761328d5d356742d91d Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram-парақшасынан

Телевизия хабарын таратуда КСРО-дағы шалғай аймақтардың көпканалды, телефон және телеграф байланыстарын кеңінен көрсету үшін 1967 жылы алғашқы 20 орбита станциясы жұмыс істеді. Соның бірі — Алматының символына айналған «Орбита» ғарыш байланыс станциясы. Жүйе «Молния-1» спутнигінен теледидар сигналын алып,  оны Алматы мен өзге аймақтарға таратып отырды.

Станцияда диаметрі 12 метр антенна құрылғысы  болды. Ол жер серігін үздіксіз қадағалайтын түрлі жүйемен жабдықталған дөңгелек базада орналасқан. Осылайша адамдар КСРО-ның орталық теледидар бағдарламаларын тамашалады. Қазір станция «Қазақтелекомға» тиесілі. Ол телефон байланысын қамтамасыз етеді.

414e0b158845aa2b75d211a50b698e8b Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram-парақшасынан

Бұл — Бөгенбай батыр көшесіндегі ескі үйлердің бірі. Алинаның айтуынша, мұндай ғимараттар Алматының бұрынғы көрінісін еске түсіреді.

2eecc9422fd4085bc6ed6d48657b2958 Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram-парақшасынан

70-жылдардың басында салынып, Алматыдағы Министрлер кеңесі емханасының алдына қойылған «Ана» композициясы. Ескерткіш Шевченко көшесінде орналасқан. Авторы — атақты мүсінші Бек Түлеков.

204dfae5a4b042baee80bb7f919821e0 Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram-парақшасынан

Ақан сері көшесіндегі Алматы теміржол ауруханасының маңындағы ескерткіш.

2c6637c7cbb08c78aac3c3a912c424dd Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram-парақшасынан

Дмитрийдің айтуынша, мына жеке тұрғын үйдің балконы ескі болса да, қалаға көрік беріп тұр. Көпқабатты үйде тұратын тұрғындар да балкондарын ерекше безендіруге тырысады. Мұндай сұлу көріністі Алматының көп жерінен кездестіруге болады.

f98640fe765989e7a29bebc45c1b6c3b Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram-парақшасынан

Алматыдағы жеке үйлердің бірінің қақпасында осындай таңба безендірілген. Бұл таңба — трискелион немесе трискель деп аталады. Ол түрлі халықтың мәдениетінде, тарихында кездеседі. Бүгінде Италияның Сицилия автономия аймағының туында трискелион бейнеленген.

d5c887f44843c756bdaad63cd66ef952 Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram-парақшасынан

Орбита-1 ықшамаудандағы өзен жағалауында бейнеленген фильм кейіпкерлері.

35a81d9294c2ca6aeb3ed5a1bbbbde82 Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram-парақшасынан

«Рахат» ықшамауданындағы гараж қақпасына салынған сурет.

ff5f7cba15142828f076f291f850b658 Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram-парақшасынан

әл-Фараби және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешені.

fa14b13856203feaca2c45d9c7b4554f Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram -парақшасынан

Дмитрий мен Алина ерекше нысандарды жұмыстан қайтқанда, қыдырып жүргенде кездейсоқ тауып алады. Кейде бір күн арнап, әдейі іздеп жүріп те фотоға түсіреді.

fb0d871ff79cdeb6f44333578a68e306 Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram-парақшасынан

Алматының барлық ғимараты ұнайды. Ескісі де, жаңасы да ерекше, Тіпті тұрғындардың ауласындағы әдемі көріністің өзі қаланы түрлі түске бояп, көрік беріп тұрған сияқты. Мұнда адамдар өзіне ғана емес, айналасына да әдемі көңіл-күй сыйлауға тырысады. Бізге алматы тұрғындарының қызық ақпарат айтып, фото жіберіп, кері байланыс жасағаны ұнайды. Олардың қолдауы бізді шабыттандырады, — дейді Алина.

19d9d65f3ff048aa54a1541d0668102f Қала күнделігінен: Алматының біз байқамаған ерекшеліктері
Фото: Almatizmy Instagram-парақшасынан

Дмитрийге Қазақфильм ауданындағы ғимараттар, подъездегі суреттер, тұрғын үй ауласы, балалар алаңы қатты ұнайды. Оның айтуынша, мұндай көріністер адамның есінде ұзақ сақталады.

Адамдар қыдырып қана қоймай, қаладағы көрікті орындарға назар аударса, кез келген құрылыс нысанына ұқыпты қараса, ескі дүниенің қадірін біліп, бағаласа, қаланы көркейтуге үлес қосса дейміз. Болашақта оқырмандарға Almatizmy жобасын басқа қырынан таныту ойда бар. Оны уақыт көрсетеді, — дейді Дмитрий.