Жайық Тазабекұлы Алматы облысы жастар ресурстық орталығына басшы болды

Жайық Тазабекұлы «Алматы облысы жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс хабарлады.

Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас орталық қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырды.

Жайық Тазабекұлы 1988 жылы дүниеге келген. 2012 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының есеп және аудит мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы «Алматы облысының ауыл жастары одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі болып бастаған.

2013 жылы Талдықорған жастар ресурстық орталығының бас маманы, 2013-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі, 2014 жылы «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының сайлауалды тұғырнаманы іске асыру және бақылау бөлімінің кеңесшісі, 2014 жылы Көксу аудандық мәдениет үйінің директоры, 2014-2015 жылдары «Алматы облысының ауыл жастары одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің менеджері, 2015-2018 жылдары Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры директорының орынбасары болып жұмыс істеді.