Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийдің Президент сайлауында 73,18% дауыс жинауын "айқын жеңіс" деп бағалады.

Владимир Зеленский. Фото: Pravda.com.ua

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийге жеделхат жолдады. Бұл туралы Президент Тwitter-де жазды.

Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым, — деп хабарлады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Украина Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру хаттамаларының 90,25%-ын өңдегеннен кейін додада Владимир Зеленский 73,18% дауыспен жеңіске жеткені алдын ала белгілі болды. Петр Порошенко 24,4% дауысқа ие болған.

Президент сайлауының ресми қорытындысы 30 сәуірде жария болады. Еске салайық, Украинадағы Президент сайлауының бірінші туры 31 наурызда, екінші туры 21 сәуірде өтті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version