Басты бет Жаңалықтар Украинадағы Президент сайлауында Владимир Зеленский 73% дауыспен озып тұр

Украинадағы Президент сайлауында Владимир Зеленский 73% дауыспен озып тұр

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру хаттамаларының жартысын өңдеп шықты.

Владимир Зеленский. Фото: Unian.net

Украинадағы Президент сайлауының екінші турында Владимир Зеленский 73,01% дауыспен алда келеді. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру хаттамаларының 50,18%-ын өңдегеннен кейін осындай мәліметті жария етті.

Еxit poll мәліметі бойынша да Владимир Зеленский жеңіске жетіп отыр.

Петр Порошенконы сайлаушылардың 24,65%-ы ғана қолдаған. Бірақ елден тыс сайлау учаскелеріндегі хаттамалардың 86,13%-ын өңдеу нәтижесінде оның 54,12% дауыспен алда келе жатқаны белгілі болды. Шетелдерде Владимир Зеленский 44,39% дауысты иеленген.

Президент сайлауының ресми қорытындысы 30 сәуірде жария болады.

Еске салайық, Украинадағы Президент сайлауының бірінші туры 31 наурызда, екінші туры 21 сәуірде өтті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version