Метеорологтардың мәліметінше, күннің аптабына байланысты еліміздің көп өңірінде дала өрті қаупі сейілмей тұр. Өткен тәуліктерде бір ғана Алматыда дала өрті бірнеше рет тұтанды. Сібір орманындағы өрттің күллі адамзатты алаңдатып отырғаны анау.

Дала өртін болдырмау үшін не істеу керек? Назарларыңызға төтенше жағдайлар қызметкерлерінің талабын ұсынамыз.

Табиғат аясында демалғанда:

— мангал (кәуап пісіретін ошақ) орнын өртсөндіргішпен немесе 10 литр суы бар ыдыспен жабдықтау қажет;
— мангал мен ағаштардың арақашықтығы 10 метрден кем болмауы керек.

Мангалды:

— құрғақ шөпке;
— өсіп тұрған ағаштың астына;
— жанғыш материалдардан жасалған шатырлардың астында орналастыруға болмайды.

Шоқты немесе жанып жатқан отты қараусыз қалдыруға болмайды. Тағам дайындап болған соң от толық сөнгенше су құю керек.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, табиғат аясында демалған кезде қоқысты жинап алып кеткен дұрыс. Күннің аптабында оны өртеу үшін от жағу міндетті емес. Жел тұрған кезде  жалын тұтатуға мүлдем болмайды.

Тұтанған сіріңке мен темекіні өшірместен лақтырмаңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!