«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәліметінше, өңірлерде тұман түсіп, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, көктайғақ болып, жел күшейеді, оңтүстікте дауыл тұрады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Өңірлерде және Нұр-Сұлтанда соған байланысты ескерту жарияланды. Қызылорда облысында тұман түседі, күндіз найзағай ойнайды, дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады. Қарағанды облысында тұман түседі, жел күшейеді, көктайғақ болады. Атырау облысында найзағай ойнайды, екпіні 18-23 м/с-ке жететін жел соғады. Павлодар облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында да 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі, күн суық болады. Жамбыл облысында күн күркірейді, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады. Түркістан облысында найзағай ойнайды. Батыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады.
17 сәуірде Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні болуы мүмкін. Есіл өзенінің Петропавл аумағындағы тұсында су деңгейі көтерілу қаупі бар.

