Алдағы үш тәулікте елімізде 10 градус аязға дейін суық болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, еліміздің көп өңірінде 16-18 сәуір аралығында тағы да жаңбыр мен қар жауады.

Алдағы күндерде жауын-шашын — жаңбыр, жылбысқы қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады және түнгі ауа температурасы республиканың көптеген облысында 2-10 градус аязға дейін төмендейді. Сонымен бірге оңтүстік облыстарда да құбылмалы ауа райы болады, — деп хабарлады синоптиктер.

Мамандардың болжамына қарағанда алдағы үш тәулікте Орталық Азия аймағынан жылжитын циклон мен Қазақстанның солтүстік аймағынан келетін Арктиканың суық фронты өзімен бірге жаңбыр, кей жерлерге нөсер алып келеді, күн күркірейді. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 2-6 градусқа дейін төмен болады, оңтүстікте нормаға дейін төмендейді.