Бұл жобаны Smart Almaty концепциясын іске асыру аясында Алматының төтенше жағдайлар департаменті, Даму орталығы мен I2NIK ЖШС-і жасаған.

Мобайл қосымшаны Android және IOS базасындағы смартфон мен планшетке қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге болады. Қосымша бүгінге дейін 2000 рет жүктелген.

Darmen қосымшасын өңдеу үшін Жапония мен АҚШ-тың тәжірибесі қолданылды. Ол Алматының маңайында болуы мүмкін жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар қаупі туралы бірнеше секундта хабардар етеді.

Төтенше жағдайлар департаменті әуелі «Қазгидромет» пен «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» кәсіпорындарынан жедел деректерді алады. Содан кейін департаменттің кезекшісі жедел деректерді жүйеге енгізіп, push-қосымшаны қолданатын желі пайдаланушыларына тез арада хабарландыру жібереді.

Мобайл қосымша сынақтан сәтті өткен. Ол осыған дейін қолданылған SMS-ескертулермен салыстырғанда хабарландыруды жеткізу жылдамдығы бойынша тиімді болып шықты. Сонымен 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап төтенше жағдайлар қызметі алматылықтарға ескертулерді SMS-пен ғана емес, Darmen қосымшасы арқылы да хабарлайды.

Бұл мобайл қосымшаны App Store мен Play Market-тен Darmen деген атауды енгізіп, оңай таба аласыз.