Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ташкентке барды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен жеке және кеңейтілген құрамда кездесу өткізіп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қояды. БАҚ өкілдері үшін брифинг те өтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға ұшып барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға ұшып барды. Фото: Аkorda.kz

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

Бұған дейін Ақорданың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те Қазақстан Президенті тұңғыш мемлекеттік сапары қарсаңында Өзбекстанның «УзА» ұлттық ақпараттық агенттігіне сұхбат бергенін хабарлаған еді. Сұхбат өзбек, қазақ, орыс, тәжік тілдерінде жарық көретін Xalq so’zi, Narodnoe slovo, Nurli jol, Pravda vostoka, Ovozi tojik сияқты жергілікті бес мемлекеттік басылымда жарияланды.