Last.fm

Last.fm тыңдайтын музыкаларыңызға статиска жасайды, яғни соған ұқсас жанрдағы, орындаушыларға байланысты жаңа композияцияларды ұсынады. Қосымшада музыканы тегін тыңдауға болады. Тректерді YouTube және Spotify-дан тартуға болады.

Last.fm
Last.fm сайтының скриншоты

Last.fm-де тегін жүктеуге арналған тректерді топтастыратын арнайы парақша бар. Музыка MP3 форматында жүктеледі. Last.fm-де аккаунт болу міндетті емес.

Android қолданушыларына Last.fm-ге сілтеме.

iOS қолданушыларына Last.fm-ге сілтеме.

YouTube

YouTube-те барлық музыка табылады деуге болады және оны тегін тыңдау үшін  YouTube Music-ке жазылу міндетті емес.

YouTube скриншоты
YouTube скриншоты

Десктоптарда YouTube-тен музыка тыңдау өте оңай — браузерде қалаған музыкаңызды қосып қоясыз да, қосымша беттерді ашып жұмыс істей бересіз. Ал мобайл құрылғыларда YouTube-ті фон режимінде қоса алмайсыз. Бірақ NewPipe-ті орнатып, мұндай шектеуді де алып тастауға болады.

New Pipe — YouTube үшін ашық коды және көптеген қызық функциясы бар бейресми Android-клиенті. Оның салмағы төмен болса да, фонда тек музыканы қалдырып, басқа қосымшаларды пайдалануға мүмкіндік береді. New Pipe-те жеке плейлист құруға, композицияларды белгілеуге болады. Оның үстіне трафикті көп тартпайды.

SoundCloud

SoundCloud сервисінде танымал әндер, инди-группалардың композияларынан бастап, фильм мен ойындардың саундтректеріне дейін табуға болады.

SoundCloud
Сурет: Еngadget.com

Сервис жүйесі композияларды жанр бойынша табуға мүмкіндік береді. Оларды тегін қолдануға болады. Тіркелу кезінде сервис барлық ұсынысын жібереді, пікір қалдырып, лайк басуға болады.

Android қолданушыларына SoundCloud сервисіне сілтеме.

iOS қолданушыларына SoundCloud сервисіне сілтеме.

Jamendo

Jamendo сервисінде тректер түрлі категорияға бөлінген. Түрлі жанр мен плейлист, ыңғайлы интерфейс пен композияцияларды MP3 форматында жүктеу мүмкіндігі бар.

Jamendo
Сурет: Digitalmusicnews.com

Jamendo жұмыстың екі режимін ұсынады. Бірі тыңдармандарға, екіншісі орындаушыларға арналады. Тыңдармандар сайтта музыканы шектеусіз тегін тыңдай алады. Тіркелу де қажет емес. Ал орындаушылар тректерін сервиске жүктей алады.

Android қолданушыларына Jamendo сервисіне сілтеме.

iOS қолданушыларына Jamendo сервисіне сілтеме.

«Яндекс.Радио»

Мұнда тректі қайта айналдырып қоя алмайсыз. Сол себепті де ол — радио. Сервисті толық тегін қолдануға болады. Оны «Яндексте» жеке жазбаңыз болмаса да, қолдана аласыз.

Яндекс Радио
Сурет: sostav.ru

«Яндекс.Радиода» саяхат, жаттығу, кешкі отырыс деген тәрізді тақырыптар және түрлі дәуір бойынша композицияларды қосуға болады.

Android қолданушыларына «Яндекс.Радиоға» сілтеме.

iOS қолданушыларына «Яндекс.Радиоға» сервисіне сілтеме.