Бизнесті дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленеді

Бизнесті дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленеді. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы қаралған Үкімет отырысында бұл туралы ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары — Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мемлекеттегі кәсіпкерлікті кешенді қолдаудың маңызды құралы саналады. Осы мемлекеттік бағдарламаның арқасында кәсіпкерлікті дамыту үшін үлкен жұмыс атқарылды. Оны баяндамашылар айтты. Сонымен бірге кейбір облыстарда, айтар болсақ, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында көрсеткіштер төмен. Оны тағы да 12 айдың қорытындысымен талдаймыз, — деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Дегенмен ол қазіргі таңда шағын және орта бизнесті қаржылай және қаржылай емес қолдаудың құралдарын қайта қарау қажет екенін баса айтты.

«Бұл бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы жұмыстың нәтижесінде жаңартылған мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы әзірленеді. Бұл қайта қарау жұмысы өңірлермен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе жүзеге асырылады. Жалпы, ұлттық жоспар бойынша ол 1 қыркүйекке дейін қабылдануы керек. Осы бағытта тиісті жұмыс атқарылады, — деді Әлихан Смайылов.

ДереккөзInform.kz