Басты бетЖаңалықтарАмангелді Смайылов...

Амангелді Смайылов Көкшетау әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев қала активіне Көкшетаудың жаңа басшысын таныстырды.

Ақмола облысы әкімінің өкімімен ҚР Президент Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімі бойынша Амангелді Смайылов Көкшетау әкімі болып тағайындалды.

Амангелді Смайылов 1962 жылы туған. Еңбек Қызыл Ту орденді Сібір мемлекеттік автомобиль-жол институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын Омбы облысының Станический кеңшарында құрылыс цехы шебері болып бастады.

1993-2011 жылдары кәсіпкерлікпен айналысты, «Реал НГП», «СК Ауыл Газ» серіктестіктерін басқарды. 2011-2014 жылдары ENKI ЖШС басшысы болды. 2014-2015 жылдары Көкшетау әкімінің орынбасары, 2015-2017 жылдары Ақмола облысы құрылыс басқармасының басшысы болып қызмет етті. 2018 жылдың қарашасынан бері Көкшетау әкімінің орынбасары болды.

Еске салайық, бұған дейін Көкшетау аумағын су басып қалғаны хабарланған еді.

ДереккөзZakon.kz