Басты бет Жаңалықтар 3 сәуірдегі ауа райы: жауын-шашынды сәрсенбі

3 сәуірдегі ауа райы: жауын-шашынды сәрсенбі

Өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін.

Фото: Images.cdn.impresa.pt

3 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түседі, оңтүстіктін тауларында нөсер жауады, тек республиканың шығысында күн жауын-шашынсыз болады.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, Түркістан облысында нөсер мен бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді. Қызылорда облысында да тұман түседі, шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Ақмола облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында күн тұманды болады, Ақтөбе облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады. Аталған өңірлерде ескерту жарияланды.

Кіші Алматы шатқалында қар көшкіні қаупі байқалады. Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version