Мариэ Кондоның бір кітабы «Үй жинаудың құдіретті тәсілі. Жапонның үйде де, өмірде де тәртіп орнату өнері» деп аталады.

Кондо Мари
Фото: Japantimes.co.jp

Үйіңізде ғана емес, өміріңізде де тәртіп орнатыңыз

Автор кітабында былай дейді: «Менің жұмысым өзге адамдарға үйді дұрыс жинуды үйрету» деп айтқанымда маған таңырқап қарап, екі сұрақ қояды. Біріншісі — «Расында осындай жұмыспен ақша табуға бола ма?». Екінші сауал — «Адамдарға үй тазалау сабағы шынымен керек пе?»

Адамдардың біраз уақыты үй жинаумен өтеді, ал одан да маңызды мәселелер соның айналасында қалып қояды. Бұл әдіс үйді тазалауға аз уақыт бөліп, маңызды істерді атқару үшін уақытты тиімді пайдалануға үйретеді. Оның сыры неде?

Кон Мари әдісі бойынша үйді қалай жинап, тазалау керек?

Үйді тазалағанда көпшілік жасайтын қатенің бірі — керек емес заттарды жинап, ол шашылса, қайта жинаумен уақытты текке өткізу. Қажетсіз заттар орынды көп алады. Сол үшін олардан арылып, тек өзімізге қуаныш сыйлайтын нәрселерді қалдыру маңызды. Ол категорияларға мыналар жатады:

  • Киім. Барлық киіміңізді жинап, өзіңізге қуаныш сыйлайтынын ғана алып, қалған киімдерден арылу керек;
  • Кітап. «Ертең оқимын, тұра берсін» деген кітаптар ешқашан оқылмайды. Сол үшін «ертең оқимын» деп жүрген кітаптардан арылған жөн;
  • Ескі құжат, қажеті жоқ қағаздардан да үйіңізді босатыңыз;
  • Комоно ( СД дискі, шнур, косметика, тағы басқа);
  • Сентиментал заттар. Әкеңіз сыйлаған ойыншық, атаңыз түсірген фото, қуанышты сәттеріңіздің естелігі болып сақталып тұрған заттардан да арылған абзал. Ол нәрселерге қарап, «керемет сәттерді есіме аламын ғой» десеңіз, қателесесіз. Бұл заттарсыз-ақ қуанышты сәттер ешқашан естен шықпайды.

Сізді қуантатын заттарды ғана қалдырған соң бөлмені тазалайсыз. Осы кезде де Кон Мари әдісін қолдану керек. Оның ерекшелігі тазалықты бөлме бойынша емес, категория бойынша орнатасыз, яғни бірінші киімді жинайсыз, одан кейін шаң сүртіп, одан соң еден жуып, әрі қарай тізім бойынша зарттарыңыздың арасында, үйіңізде тәртіп орнатасыз.

Әр затыңыздың орны болуы керек. Сонда оны іздеу үшін басқаларын шашып алмайсыз. Қажетті нәрсеңізді тез таба аласыз.

Кондо Мари
Фото: Japantimes.co.jp

Әр затты өлшемі бойынша жинаған жөн: маусымдық қалың киімді бөлек, ішкиімді бөлек. Косметика, аксессуарларды бөлек жинау керек. Ол үшін әрқайсысына арнайы қобдиша арнап, заттарды бөліп сақтаған жөн.

Киімдерді вертикал түрде жинағаныңыз ыңғайлы. Үйде киімді дүкенде тұрғандай жинау тиімсіз.

Кондо Мари
Кондо Мари. Фото: Оptimiziruem.com

Артық заттардан арылып, өзгелерге қуаныш сыйлағыңыз келсе

Тұтынуға жарамды, лақтыруға қимайтын заттар болады. Ал әлеуметтік жағдайы нашар адамдар ол заттарға мұқтаж болуы мүмкін екенін білесіз бе? Сондықтан қажетсіз, бірақ әлі қолдануға жарамды нәрселеріңізді қайырымдылық қорларына апаруыңызға болады. Алматы бойынша мұндай қабылдау бөлімшелері көп. Олар заттарды сұрыптап, тазалап, мұқтаж адамдарға таратады. Керемет емес пе? Әрі артық заттан арыласыз, әрі өзгелерге көмектесесіз.

Алматы бойынша қайырымдылық қорларының қабылдау бөлімшелері

  1. «Шұғыла» қайырымдылық қоры. «Жанұя жанұяға көмектеседі» жобасы бойынша қор тұрмыстық заттар, ойыншықтар мен киім-кешектерді қабылдайды. Мекенжайы: Қалқаман 2 ықшамауданы, Үсенов көшесі, 12-үй.
  2. «Тепло» қайырымдылық дүкені қала бойынша бірнеше жерде контейнер орнатқан. Бұл контейнерлерді төмендегі ойын-сауық, сауда орталықтарының маңынан таба аласыз: Esentai Square, Mega Alma-Ata, «Рамстор» гипермаркеті, Dostyk Plaza, Galmart гипермаркеті, Pita Green мейрамханасы. Сонымен қатар, мына мекенжайлар бойынша да контейнерлер бар: Ғабдуллин көшесі, 94а және Абай даңғылы, 17.

    "Тепло" контейнерлері
    «Тепло» контейнері. Фото: Inform.kz
  3. «Делай доброе дело» қайырымдылық қоймасы да кітаптан басқа тұрмысқа қажетті барлық затты қабылдайды. Мекенжайы: Абай даңғылы, 52б, №105 мектеп жанында, «Казкомполис» ғимараты, 6-қабат.

Ұлдана Сағынтаева
Иллюстрация: Dribbble.com ©Atipyka

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!