Жанат Құрманов «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

«БЖЗҚ» АҚ директорлар кеңесінің (2019 жылғы 29 наурыздағы № 1 хаттама) шешімімен Құрманов Жанат Бостанұлы «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, — деп жазылған қордың ресми сайтында.

Жанат Құрманов бұған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болды. Ол 2019 жылдың 28 наурызы күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл қызметтен босатылды.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметін бұған дейін Нұрбүбі Наурызбаева атқарып келген еді. Ол бұл қызметке 2017 жылдың қаңтарында тағайындалды.