Басты бетЖаңалықтарАқордада Атырау...

Ақордада Атырау облысындағы газ-химия кешенінің құрылысы талқыланды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Borealis компаниясының басқарма төрағасы Альфред Штернді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Borealis компаниясымен ынтымақтастық жасаудың маңызы зор екенін айтты.

Мен өзара ықпалдастығымызға қатысты күн тәртібіндегі өзекті мәселе жөнінде, әсіресе, алдағы уақытта жүзеге асырылатын Атырау облысындағы газ және химия кешенінің құрылысы туралы сізбен пікір алмасқым келеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Альфред Штерн Қазақстан Президентіне Borealis компаниясының еліміздегі негізгі жобалары мен олардың жүзеге асырылу перспективалары жөнінде баяндалды.

Ол Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.