Басты бет Жаңалықтар 1 сәуірде күн жауын-шашынды болады

1 сәуірде күн жауын-шашынды болады

1 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады, оңтүстіктің кей жерлерінде нөсер жауады, тек батыста жауын-шашын болмайды. Өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Фото: 1gai.ru

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің болжамына қарағанда Жамбыл облысында тұман түсіп, екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 30 м/с-ке жөне одан да жоғарыға күшейеді. Облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Түркістан облысында найзағай ойнайды, тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Қызылорда облысында тұман түседі, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, екпіні секундына 28 метрге жететін жел соғады. Облыста соған байланысты ескерту жарияланды.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, екпіні 23 м/с-ке жететін жел соғады. Манғыстау, Қостанай, Қарағанда облыстарында тұман түсіп, 15-20 м/с  жел соғады. Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Алматы облысында 15-20 м/с жел соғады.

1 сәуірде Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшкіні қаупі әлі де күшті болады. Шығыс Қазақстан облысында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version