Бірыңғай дистрибьютордың мәліметінше, байланыс орталығының операторлары хабарласқан пациенттерге тегін дәрі-дәрмекті жеткізу мерзімі мен күні туралы ақпарат береді. Операторлар әрбір шағым мен өтінішті егжей-тегжейлі талдайды, дәрі-дәрмек жеткізудегі кідірістің себептерін анықтайды, дистрибьютордың өңірдегі өкілдері медициналық ұйымдармен бірге дәріханаларға қажет препараттарды жедел жеткізуді ұйымдастырады.

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, байланыс орталығы іске қосылған сәттен бері «1439» қысқа нөміріне 10 мыңнан астам қоңырау келіп түсті, оның ішінде осы жылдың 1-тоқсанында 5 мыңнан астам қоңырау келді.

Байланыс орталығының операторлары дәрі-дәрмектің түсу мерзімі туралы ақпарат беріп қана қоймай, сонымен бірге өтінімді қалыптастыру мен тез арада жеткізуді ұйымдастыру мәселесін шешу үшін бірден іркілістер байқалатын медициналық ұйыммен байланысады, тіпті, егер емхананың өзі қандай да бір себеппен дәрі-дәрмектің көлеміне тапсырыс бермесе де немесе жеткіліксіз тапсырыс берсе де, — дейді Берік Шәріп.

Бірыңғай дистрибьютор басшысының айтуынша, өңірдегі өкілдер байланыс орталығын мәселенің шешілгені туралы хабардар еткеннен кейін операторлар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде препараттардың жіберілгені көрсетілсе де, пациенттің дәрі-дәрмек алғанына мониторинг жасау үшін қайтадан хабарласады.

Тегін дәрі-дәрмек
Инфографика: «СК-Фармация» ЖШС баспасөз қызметі

Біз үшін әрбір препараттың пациентке жеткені және қазақстандықтардың тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде өздеріне тиесілі барлық дәрі-дәрмекке еркін қол жеткізгені маңызды, сондықтан халықпен кері байланысқа көп көңіл бөлеміз, — дейді Берік Шәріп.

Еске салайық, Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек алу жөнінде ақпарат беретін «1439» бірыңғай қысқа нөмірі 2018 жылдың қазан айында іске қосылған еді. Ал 2019 жылдан бастап дәрі-дәрмектің емханаларда бар-жоғы туралы ақпарат беретін электрон анықтамалық жұмыс істеп жатыр.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©Haris Jusovic)

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!