Басты бетЖаңалықтарҚамалжан Надыров...

Қамалжан Надыров — Денсаулық сақтау министрінің жаңа орынбасары

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қамалжан Надыров ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қамалжан Надыров 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. С.Асфендияров атындағы қазақ мемлекеттік медициналық университетін, «Тұран» университетін, Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебін тәмамдаған. АҚШ, Түркия, Германия, Сингапур елдерінде білім алып, тәжірибеден өткен.

2007-2014 жылдары Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығында, кейін Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2016-2017 жылдары University Medical Center бөлімшесінің директоры Республикалық диагностикалық орталықты басқарды. 2017-2018 жылдары Нұр-Сұлтандағы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды. 2018 жылғы наурыздан бастап бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарды.