Тест: «Тақтар ойынының» қай кейіпкерісіз?

Джордж Р. Р. Мартиннің "Мұз бен жалын әні" шығармасының желісімен түсірілген "Тақтар ойыны" - қазір әлемдегі ең танымал сериалдардың бірі. Телесериалдың соңғы маусымы сәуірде көрсетіледі. "Тақтар ойыны" көрерменінің сюжетке еніп, Жеті патшалықтың тұрғынына айналып кететіні бар. Тестті шешіп, мінезіңіздің қай кейіпкерге сай келетінін анықтаңыз.

0%

Сериал кейіпкері болсаңыз, қандай өлімді таңдар едіңіз?

Халықтың сүйіспеншілігіне бөлену үшін не істейсіз?

Жеті патшалық заманының адамы болсаңыз, бос уақытыңызда немен айналысар едіңіз?

Қай цитата сізге жақынырақ?

Сіз тұратын бекініске жау жақындап қалды. Ең әуелі не істейсіз?

Патшаға қарсы қастандық ұйымдастырылып жатыр. Сіз оған қатысасыз ба?

Тақ үшін күресте қандай қасиеттердің болғаны маңызды?

Ашу үстіндесіз. Кімнің тілін аласыз?

Тест: "Тақтар ойынының" қай кейіпкерісіз?
Джон Сноу

Джон Сноу, Тақтар ойыны

Мінезіңіз дәл осы кейіпкерге сай келеді. Ол сериалдың басынан аяғына дейін жетіліп, үнемі жаңа жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Қазір Джон - Солтүстік королі. Ол ойлы, ақкөңіл бола тұра батылдығымен әрі қайтпас қайсарлығымен танылды. Алайда Джонның аңқаулығы да жоқ емес, әйтпесе, ол өз адамдарынан соққы алмас еді.
Тирион Ланнистер

Тирион Ланнистер, Тақтар ойыны

Жауынгерлік өнерге аса жетік болмаса да, Тирион ақыл-парасатымен көзге түсіп, сериалдың соңғы маусымына жетті. Сіздің логикалық ойлауыңыз бен әділетсүйгіштігіңіз дәл осы кейіпкерге ұқсайды.
Серсея Ланнистер

Айтқанынан қайтпайтын, алдына қойған мақсатын қалай болса да орындайтын Серсеяға ұқсас екенсіз. Алайда қызбалыққа салынып, тым биік мақсаттар үшін жақындарыңызды құрбан етуіңіз қаншалықты дұрыс?
Арья Старк

Арья Старк, Тақтар ойыны

Батыл әрі ер мінезді боп өскен жас кейіпкерлердің бірі Арья сериалда талай қиын кезеңді бастан өткереді. Сіз де Арья секілді қиындыққа қажымайтын қара күш иесі бола аласыз. Бірақ оның бойын жаулаған кек қайтару сезімі сізден табылмаса игі.
Теон Грейджой

Теон Грейджой, Тақтар ойыны

Басында талай адасып, мақтаншақтығы мен дүниеқоңыздығы үшін қатты опық жеген кейіпкерге тән қасиеттер сіздің де бойыңыздан табылады. Олардан арылу үшін Теон қаншама азап көрді? Ой салғаныңыз жөн.
Бран Старк

Бран Старк, Тақтар ойыны

Хикаяның басында Бранға аса мән бере қоймаған боларсыз. Бірақ соңғы маусымға дейін бала Бранның бұл көркем шығармадағы маңызы зор екені анықталады. Ол - сәуегейлігі бар сұңғыла әрі асқан сабырлы кейіпкер. Сізден де осы қасиеттер байқалады. "Үшкөзді қарға" магиясына икеміңіз болуы мүмкін, тексеріп көріңіз.
Дейенерис Таргариен

Дейнерис Таргариен, Тақтар ойыны

Әділетті қолдап, құлиеленушілікке қарсы шыққан Дейенеристей екенсіз. Ол өзінің қаншалықты күшті екенін дотракийлерден бастап бүкіл жеті патшалыққа дәлелдеген. Солтүстік королі Джон Сноу да айдаһарлар анасынан көмек сұрап, оның алдында тізе бүкті.

Әлеуметтік желіде бөлісу: