Алматыда жастар Нұрсұлтан Назарбаевты ұшақ трапынан гүлмен қарсы алды

Алматы жастары еліміздің Тұңғыш Президенті — Елбасы, Халық қаһарманы Нұрсұлтан Назарбаевты ұшақ трапынан гүлмен қарсы алды.

Жоғары оқу орындары студенттерін біріктіретін G-38 ұйымының басқаруымен 2 мыңнан астам алматылық студент Елбасыға жастарға деген шексіз қамқорлығы мен қолдауы және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтты. Траптан түскен Нұрсұлтан Назарбаев та өзі күтпеген, бірақ қуаныш сыйлаған тосын кездесуді ұйымдастырған жастарға рақмет айтты.

Елбасы Алматыда
Фото: Inform.kz

Сіздер бақытты жансыздар. Себебі Алматы сияқты әсем қалада білім алып, гүлденген әрі бүкіл әлемге танымал елде өмір сүріп жатырсыздар. Қазақстан — біздің Отанымыз. Біздің міндетіміз — тәуелсіздігімізді қорғау. Баршаңызға мықты денсаулық, болашақтарыңызға табыс тілеймін, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, мұның алдында Алматыда Республика Сарайы алдында ел астанасының Нұр-Сұлтан атануын қолдауға арналған концерт өтті. Жиналған мыңдаған адамның арасында эстрада жұлдыздары мен танымал спортшылар болды.

ДереккөзInform.kz