Басты бет Қоғам Қазақстан Президенттері халықты Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан Президенттері халықты Наурыз мейрамымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументінің алдында орналасқан этноауылға барып, Наурыз мейрамына арналған ойын-сауыққа қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамына арналған ойын-сауыққа барды. Фото: Аkorda.kz

Қазақстанның Президенті мен Тұңғыш Президенті Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументінің алдында орналасқан этноауылға барды. Этноауыл аумағында театрландырылған көріністер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, қолөнершілер көрмесі және ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар ұйымдастырылды.

Наурыз Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев
Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев этноауылдағы Наурыз тойында.Фото: Аkorda.kz

Елбасы мен Қазақстан Президенті атауы өзгерген қала қонақтары мен тұрғындарын, барша қазақстандықты Наурыз мерекесімен құттықтап, бақ-береке тіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шаңырақ көтеріп жатқан жастарға батасын берді.

Елбасы некелесушілерге бата беріп тұр. Фото: Аkorda.kz

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version