Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын берді

Қазақстанның жаңа Президенті тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін аса жоғары бағалайтынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: E-history.kz

Қазақстан Президенті өкілеттігін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын берді.

Аса қадірлі Елбасы, жиналған қауым! Менің ҚР Президенті қызметімдегі бірінші шешімім  «ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы»  Конституциялық заңға және «Мемлекеттік наградалар» туралы заңға сәйкес тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» орденін тапсыра отырып, «Халық қаһарманы» атағын беремін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті ретінде қызметке кірісті. Ол Қазақстан халқына ант берді. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version