Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Президенті...

Қазақстан Президенті өкілеттігі туралы тарихи құжат

Ақорданың сайты Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 19 наурызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы жарлығын жария етті.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына сәйкес 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатамын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасына Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап көшеді.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісетін адамның Қазақстан халқына ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында 2019 жылғы 20 наурызда 12 сағат 00 минутта өткізілсін.

4. Осы жарлық қол қойылған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.