19 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың қалған аумағында күн жауын-шашынсыз болады. Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстіктің кей жерлерінде найзағай ойнайды.
«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің мәліметінше, Түркістан, Қызылорда облыстарында екпіні 25 м/с-ке жететін жел соғады, Түркістан облысында найзағай ойнайды, Қызылорда облысында күн тұманды болады.
Ақтөбе облысында тұман түседі, көктайғақ болады, 15 м/с жел соғады. Маңғыстау, Алматы облыстарында 15-22 м/с жел соғады. Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады, Жамбыл, Қарағанды облыстарында 15-20 м/с жел соғады.
Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.