Басты бет Жаңалықтар Нұрлан Ермекбаев пен Кәрім Мәсімов генерал-майор атағына ие болды

Нұрлан Ермекбаев пен Кәрім Мәсімов генерал-майор атағына ие болды

Президент жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы жарлық шығарды.

Кәрім Мәсімов, Нұрлан Ермекбаев

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовке жаңа әскери атақтар берілді. Президенттің жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы тиісті жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

Қаулы етемін: генерал-майор әскери атағы Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке берілсін, — делінген Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған құжатта.

Нұрлан Ермекбаев ҚР Қорғаныс министрлігін 2018 жылдың 7 тамызынан бері басқарады. Кәрім Мәсімов — 2016 жылдың 8 қыркүйегінен бері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version