Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовті қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовті қабылдады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қабылдады.

Мемлекет басшысына Комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімделді.

Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері мен мемлекет басшыларының алдағы кездесулері қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік қауіпсіздікті нығайту және діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу ісінде шетелдік әріптестермен өзара ықпалдастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version