Оқу орнын ақтаған жастарға мемлекет алтыайлық жастар тәжірибесін өткізеді. Оған қатысу үшін жастар өз қаласының, ауданы (ауылының) жұмыспен қамту орталығына барады. Орталық мамандардың бірыңғай базасын қалыптастырып, жұмыс беруші компаниялардың арасындағы дипломдық бағдарламалардың қатысушыларын бөледі.
Жұмыспен қамту орталығы түлектермен алты айға еңбек шартын жасайды. Жұмыс күні ҚР еңбек заңнамасы бойынша еңбек шарттарына сәйкес анықталады. Олардың еңбекақысы 17,2 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Ол 36 481,2 теңге.
Егер тәжірибе кезінде жұмыс берушіге ұнасаңыз – ол сізді тұрақты жұмысқа қабылдауға құқылы.
Бағдарламаға қатысу үшін түлекке мыналар қажет:
- Өз қалаңыздың немесе ауданыңыздың әкімдігі жанындағы Жұмыспен қамту орталығына жүгіну.
- Жұмыссыз ретінде тіркелу (жасы 29-дан артық емес).
- Құжаттарды беру:
- жеке куәлік;
- диплом;
- үй кітапшасы немесе мекенжай парағы ;
- зейнетақы қорынан шарт;
- Халық банкінен ағымдық дербес шот;
- денсаулық жағдайы туралы анықтама ф.086.
Бұдан басқа «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аясында кәсіби білім беру орындарының базасы қалыптасады және «Жастар еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталы, «Жұмыс» ақпараттық порталы құрылады.