Мына жұрт Клара Цеткинді біле ме екен?

8 наурызды Әйелдердің халықаралық күні деп белгілеуді ұсынған кім? Халық Клара Цеткинді біле ме? Baribar.kz сауалнама жасады.

Клара Цеткин – саяси қайраткер, халықаралық коммунистік қозғалыстың мүшесі, Германия коммунистік партиясы негізін қалаушылардың бірі, әйел құқығы үшін күрес белсендісі. Ол 8 наурыз – Әйелдердің халықаралық күні идеясының авторы саналады.

1909 жылы Америка социалистік партиясы ақпанның соңғы жексенбісін әйелдердің ұлттық күні деп жариялады. Бұл күн 1913 жылға дейін аталып өтті. Ал 1909 жылы әйелдер күні 28 ақпанға ауыстырылды.

Кейінірек 1910 жылы 27 тамызда Америка делегациясы Копенгагенге әйелдердің II халықаралық социалистік конференциясына келді. Осы конференцияда Клара Цеткин әйелдердің халықаралық күнін белгілеуді ұсынды. Бұл күні әйелдер митингке шығып, қоғамның назарын өз мәселелеріне аударуы керек болды. Бұл идея Еуропа елдерінде бірте-бірте қолдау тапты.

Видео авторы: Айгүл Хожантаева