«Самұрық-Қазына» директорлар кеңесін енді Асқар Мамин басқарады

ҚР Үкіметінің қаулысымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесін Үкімет басшысы Асқар Мамин басқарады. Сонымен қатар қордың директорлар кеңесінің құрамына ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кірді.

Директорлар кеңесінің құрамынан Бақытжан Сағынтаев, Тимур Сүлейменов шығарылды.