Нумерологтың айтуынша, әуелі туған айыңыз бен күніңізді жазып, бір-біріне қосып шығыңыз. Мысалы, 14 қараша: 14.11➡ 1+4+1+1=7. Шыққан санға алтыны қосыңыз: ➡ 7+6=13. Егер нәтижесінде екі таңбалы сан шықса, оны бір-біріне қосу керек: 13 ➡ 1+3=4.

Енді шыққан санға қарап, наурыз айында сізді не күтіп тұрғанын біле аласыз:

1 саны шыққандар үшін белсенді жұмыс істейтін уақыт келді. Өзгелерден ерекшеленуге қорқып, дара болмысыңызды жоғалтып алмаңыз. Наурыз айында дербестік танытуға тура келеді. Көктемнің алғашқы айында тек өзіңізге арқа сүйеңіз.

2 саны шықса, наурыз сіз үшін мазалы, жайбарақат ай болады. Әртүрлі адаммен араласыңыз, бірге жұмыс істеңіз, керек кезінде көмектесіңіз. Осылайша жаңа достар мен әріптес тауып, бірсыдырғы тіршіліктен арыла аласыз.

3 саны шыққандар наурызда еңбек демалысын алғаны жөн. Үйде жай демалмай, шетелге немесе өзіңізге ұнаған жерлерге саяхаттаңыз. Сізге тұрғылықты орныңызды уақытша ауыстырып, ойыңызды өзге дүниелерге бөлу керек.

4 саны шықса, кез келген дүниені жүйелі, ұтымды тәсілмен ойластырсаңыз, бәріне үлгере аласыз. Егер ойыңыздағы нәрсе жүзеге аспай жатса, үзіліс жасап, отырып қайта қарастырыңыз. Мүмкін құрған жоспарыңызға басқа көзқараспен кірісіп, оны орындау тәсілін өзгерту керек шығар. Егер ісіңіз сәтсіз аяқталса, қам жемеңіз. Мұндай сәттер сізді келеңсіз оқиғалардан қорғайды.

5 саны. Өміріңіздің бір саласында өзгеріс болуы мүмкін. Осы өзгерістерді қорықпай қабылдай білсеңіз, жақсы жаңалықтарға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуы ғажап емес. Егер сіз тыныш, тұрақты, жайлы өмір сүруді ұнатсаңыз, бұл ай сіз үшін қарбалас пен ойламаған оқиғаларға толы болмақ. Сондықтан бәріне дайын болыңыз.

6 саны шыққан жандар үшін наурыз жақын қарым-қатынастың, жаңа таныстықтың оңтайлы сәті болғалы тұр. Бұл айда кез келген қарым-қатынас сыйластық пен түсіністікке ұласып, сәтті жалғасады. Жақын адамыңызбен отбасын құруыңыз да ғажап емес.

7 саны. Бұл ай сіз үшін бірнәрсені зерттеуге, күрделі саланы меңгеруге, эзотерика мен рухани тәжірибе жинауға өте қолайлы. Дәл қазір сіздің түйсігіңіз өте белсенді әрі жұмыс істеуге дайын. Сондықтан оған құлақ салыңыз. Сұрақ қойып, сол сұрақтарға айналадан, көрген түсіңізден жауап іздеңіз, сезіміңізге құлақ салыңыз.

8 саны шыққандар үшін наурыз — көп қаражат тауып, оны нақты мақсатқа жинауға өте ыңғайлы уақыт. Тіпті, кәсіпкер болмасаңыз да, олардың ережесін ұстанып, өзіңізді сынап көріңіз. Өзіңізге сенім артып, кең әрі ұтымды ойлауды бастаңыз.

9 саны. Бұл айда айналаңызға жомарт болыңыз: күшіңізді, назарыңызды, қолдауыңыз бен көмегіңізді ешкімнен аямаңыз. Дәл осы айда істеген жақсылығыңыз болашақта қайтарымсыз қалмайды.

(Иллюстрация: Dribbble.com ©MUTI)